Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі, 18 ақпанда Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.
Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел батыста, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз кейде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл аумағында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші тұман түседі.
Түнде Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын болады, күндіз солтүстік-шығыста, облыстың оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі. Өңірдің солтүстік-шығысында және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с, күндіз оңтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі.
Облыстың таулы асуларында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман күтіледі.
Айта кетейік, ШҚО таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі жоғары болып тұр.
Сондай-ақ, ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды.