Еліміздің көп бөлігінде тұман мен жел күшейеді – 16 наурыздағы ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 16 наурызға Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды. 

Еліміздің көп бөлігінде тұман мен жел күшейеді – 16 наурыздағы ауа райы болжамы
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде өтіп бара жатқан циклонның әсерінен түнде қар жауады, ал күндіз батыс аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Қазақстанның қалған бөлігінде антициклондық әсер басым болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік пен шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын, ал батыста шаңды дауыл күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 15 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгергенін хабарлағанбыз.