Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 14 шілде күнгі ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Жара Алматы Ыстық ауа райы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Солтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен бұршақ жауып, солтүстікте дауылды жел болады. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталған. Республика бойынша жедің күшеюі болжанады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болжанады.

Күндіз Батыс Казақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық болады. Ал Жамбыл облысында 38-42 градус қатты ыстық, Түркістан, Қызылорда облыстарында 40-44 градус қатты ыстық болжанған.

Күндіз Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстігінде аптап ыстықтың беті қайтар емес. Шымкент пен Түркістан облысында ауа температурасы +40 градустан жоғары болып тұр.