Elorda Cup бокс турнирінде еліміздің ерлер құрамасы бірінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан халықаралық Elorda Cup турнирінде еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Халықаралық турнирде барлығы 10 елден 200-ден астам спортшы жарыс медаліне таласты.

Олардың арасында Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.

Ел құрамасынан сегіз боксшы жеңіс тұғырына көтерілді.

Олар - Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Тимур Қабдеш (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Абзал Құттыбеков (86 келі) және Сағындық Тоғамбай (92 келі).

Халықаралық турнирде өзбекстандық боксшылар үш «алтын» алса, біреуі Тәжікстан спортшысына бұйырды.

Еске салсақ, аталған турнирде Қазақстан қыздар құрамасы сегіз «алтын» медаль алды.


Соңғы жаңалықтар