15:12, 22 Қаңтар 2026 | GMT +5
Елорда кинотеатрларында есірткінің зияны туралы бейнеролик көрсетіліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы кинотеатрларда есірткіге қарсы әлеуметтік бейнеролик көрсетіле бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл бастама нашақорлықтың алдын алуға, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтына саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

— «Заң мен тәртіп» нарративі және «Esirtkisiz Elorda» жобасы аясында елорданың Kinopark, Chaplin Cinemas және Cinemax кинотеатрларын қоса алғанда, киносеанстар басталар алдында есірткінің зияны туралы әлеуметтік бейнеролик көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.