Елордада 10 мемлекеттен келген білекті жігіттер теңге іліп, асау үйретті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 30 тамызда Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионаты және «Асау үйретуден» республикалық турнирі өтті. Бас демеуші - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен.
None
None

Ауқымды шараға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Әзербайжан республикаларының спортшылары қатысты.

«Теңге ілу» І ашық Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды. І орын - Ғалымжан Ізжанов(Қазақстан), II орынның иегері - Әлихан Башембаев (Қазақстан), III орын Хуатхан Авдал (Моңғолия), ал IV орын Түркия спортшысы Кизилгоз Аденге бұйырды.

«Асау үйрету» республикалық турнирі жүлденің иегерлері келесі спортшылар - Жеңісбек Манахайұлы (ОҚО), Жеңісбек Серикұлы (Моңғолия), Айбек Кеншілік (ШҚО).

Соңғы жаңалықтар