Елордада 19 мың адам ревакцинация жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 19 мың адам ревакцинация алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада 19 мың адам ревакцинация жасады

«29 желтоқсанда қала бойынша инфекциялық стационарларда 260 адам, оның ішінде 42 адам реанимацияда жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратында 14 науқас бар. Мутацияланған вирустың алдын алу және одан қорғау мақсатында елордада халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда. Қала бойынша вакцинаның бірінші компонентін 485 мың азамат алды, 454 мың тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті. Вакцинацияға жататын халықтың көп бөлігіне екпе салдық. Бірақ бұл вирусты толығымен жеңу үшін жеткіліксіз. Вакцинация кезінде екпе алуға деген азаматтардың сана-сезімі шешуші рөл атқарады», - деді басқарма басшысы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, вакцинация пунктілері 36 медициналық ұйымда және «Керуен», «Абу-Даби Плаза», «Азия парк» ойын-сауық орталықтарында, «Еуразия» сауда үйінде орналасқан.

«22 қарашада бүкіл ел бойынша азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация басталды. Бүгінгі күні қала бойынша медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті қатарынан 19 мың адам ревакцинация алды. Ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізіледі», - деді Тимур Мұратов.


Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды