Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Олар өзен үстінде жүзіп келе жатқанда астарындағы қайық аударылған. Абырой болғанда құтқару кеудешелері шұғыл жағдайдан аман алып қалған.

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар қаласының Усолка шағынауданы маңындағы су айдындарын патрульдеу кезінде құтқарушылар су бетінде қалқып тұрған әкесі мен баласын анықтаған.

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

— Оқиға Ертіс өзенінде болған. Әкелі-балалы екеу өзен үстінде байдаркамен жүзіп бара жатқанда су көлігі аударылып қалған. Екеуі де құтқару кеудешелерін киіп алғандықтан көмек келгенге дейін су бетінде батпай тұрған, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, зардап шеккендерді судан шығарып алған. Одан соң департамент бөлімшесіне жеткізіп, жылы көрпемен орап, бойларын жылытуға көмектескен. 
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында тауда адасқан ер адам құтқарылды. 

Полиция Астанадағы «қару арсеналы» туралы қауесетті жоққа шығарды
Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында мал ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды