Елордада 5 тұрғын үй кешенінде электр қуаты қалпына келтірілді

АСТАНА. KAZINFORM — «Астана-РЭК» АҚ-ның жедел қызмет бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

үй
Фото: Александр Павский/Kazinform

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

— 15:15-де бес трансформаторлық қосалқы станцияға электр қуаты берілді, нәтижесінде бес тұрғын үй кешенінің жарығы қалпына келтірілді.

— 16:50-де қосалқы станциялардың біріне дизель генераторлық қондырғы (ДГҚ) қосылды.

— Тағы төрт трансформаторлық қосалқы станцияға ДГҚ қосу жұмысы жалғасып жатыр. Қалған көпқабатты үйлерге де жарық беру бойынша қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалғанын жазғанбыз.

Кейіннен әкімдік жарықтың апатты өшуіне қатысты түсініктеме берді.

Соңғы жаңалықтар