Елордада «Астана 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында көрме ашылды

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - «Астана 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында суретшілер Бақытжан Әріпов пен Руслан Жүнісәлиевтің бірлескен сурет көрмесі ашылды.
None
None

«Өнердегі достық көкжиегі» деп аталатын көрмеге 70-тен астам картина қойылды. Қылқалам шеберлерінің туындылары көркемсурет өнерінің әртүрлі бағыттарын қамтиды. Б. Әріповтің суреттері негізінен графика жанрында салынған болса, Р. Жүнісәлиевтің өнері кескіндемеге тым бейім.

Бақытжан қазақ жерінің тумасы, ал Руслан көрші қырғыз елінен келген. Олардың өнердегі достығы мен бауырластығы түркі халықтары арасындағы ежелгі байланыстардың символы іспеттес.

«Галереяда болып жатқан бүгінгі көрме өте ерекше. Екі талантты азамат бірлесіп, осынау көрме ұйымдастырып жатыр. Қазақ пен қырғыз екі ұлт қай кезде де бір-біріне бауырлас. Қос суретшінің туындыларын көретін болсақ, қай жағында Қазақстан жайлы, қай жағында Қырғызстан жайлы шекарасын бөліп айту өте қиын. Халқымыз, салтымыз, дәстүріміз, ойымыз ұқсас. Елдеріміздің екеу-ара достығын, жақындастығын өнер  арқылы, мәдениет арқылы көрсетіп жатырмыз», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов.

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағына мүшелік ететін қос таланттың қылқаламынан шыққан суреттер Германия, Латвия, Сауд Арабиясы, Франция, Түркия, ҚХР, Израиль, Қырғызстан және Қазақстан елдерінде жеке коллекцияларда сақтаулы.

Соңғы жаңалықтар