Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада «Астана-Арқау» фестивалі жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күніне орай ұйымдастырылып отырған «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі жалғасуда.

Елордада «Астана-Арқау» фестивалі жалғасуда

Фестивальге Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Моңғолия, Қытай және тағы басқа елдердің өнерпаздары қатысуда.

4 шілде күні күйші Сержан Шәкіратов, Түркиялық сарыюрюк, шура Emre Dayioglu, күйші Айгүл Үлкенбаева, әнші Еркін Шүкіманов, күйші Саян  Ақмолда, құмықтық жыршы Зуганат Чунаева, күйші Жанғали Жүзбай, Тывадан келген өнерпаз Николай Ооржак, әнші Клара Төленбаева, монғолиялық сыбызғышы Бауыржан Мұхаметбай, әзербайжандық Arslan Novrasli, Kamran Karimov, Nurlan Novrasli, әнші Жанаргүл Сәркенова, Қытайдан келген салор, әнші,сыбызғышы Han Zhanwu, әнші Ерлан Рысқали, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі және тағы басқа қазақтың дәстүрлі музыкасының хас шеберлері ән-жырмен сусындатады.

Шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтуде. Концерттің басталуы сағат 19.00-де. Билетті театрдың сайтынан сатып алуға болады.