Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 ақпаннан бастап күн сайын елордадағы «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы автотұрақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп жатыр. Шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауылдың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр

Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудандары тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан 10-15 пайызға төмен. Бір келі картоп 60 теңге, пияз - 50-60 теңге, қызанақ - 750-850 теңге және т.б. сатылуда.

Айта кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 6 наурызға дейін өтеді. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.
ярмарка ярмарка