Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада Батыс Қазақстанның мәдени күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-18 қыркүйек күндері елордада Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Елордада Батыс Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов айтты.

«Астана қаласының әлеуметтік-мәдени нысандарында бірқатар іс-шаралар өткізіледі. 17-18 қыркүйек күндері «Хан Шатыр» сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде облыс аудандары мен ірі кәсіпорындар өндірген 20-ға жуық тауарлар мен өнімдер Астана жұртшылығына ұсынылатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 18 қыркүйек күні Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 16.00-де «Ақжайық - ару мекенім» атты облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі мен өнер шеберлерінің концерті өтеді.

«Осы алаңды пайдалана отырып, барша Астана тұрғындары мен қонақтарын аталған шараларға қатысуға шақырамын», - деді А.Өтеғұлов.