10:52, 08 Мамыр 2025 | GMT +5
Елордада базар өртеніп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы «Шапағат» базарынан өрт шықты.

Шарпыған өрттің видеосы алдымен әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елордалық өрт сөндірушілер Сарыарқа ауданындағы дүңгіршектегі өртті сөндіріп жатыр.

Өрт болған жерде күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр және төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Қазір құтқарушылар адамдарды эвакуациялап жатыр. Соңғы мәлімет бойынша «112» желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Таяуда Астанада пластик қалдықтары сақталған қойма өртенген еді.
Одан бөлек елордада екі жүк көлігі соқтығысып, жанып кетті.