Астанада пластик қалдықтары сақталған қойма өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы бөлек тұрған қоймадағы өртті сөндірді.  Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада пластик қалдықтары сақталған қойма өртенді
Фото: ТЖМ

Өрт толығымен 280 шаршы алаңда алаңда сөндірілді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойындағы жеке тұрған ангарда сығымдалған пластик қалдықтары жанған.

Өрт орнында 2 жауынгерлік участкесі құрылды. Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ.

Айта кетелік Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, өртеніп кеткен еді

Соңғы жаңалықтар