Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада «ЕҚЫҰ адамзаттық өлшем: 2010 жылғы жалпы және тақырыптық басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

СТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Ақпанның 22-сінде елордада «ЕҚЫҰ адамзаттық өлшем: 2010 жылғы жалпы және тақырыптық басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл ақпаратты «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметі таратты.

Елордада «ЕҚЫҰ адамзаттық өлшем: 2010 жылғы жалпы және тақырыптық басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Алқалы жиынды «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институты ұйымдастырып отыр. Конференция ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қатысуымен өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара адамзаттық өлшем саласындағы ЕҚЫҰ-ның негізгі ережелерін және мұраларды дамытудың перспективалы бағыттарын талқылауға бағытталған.

Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шетелдік дипломатия корпустарының, халықаралық ұйымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен отандық және шетелдік сарапшылар қатысады.

«Аталған конференция адамзаттық өлшем саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұхбат алаңын құру арқылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын қолдау жүйесіндегі «Нұр Отан» ХДП-ның талпынысын көрсетеді», делінген хабарламада.

Жиынның қорытындысы бойынша адамзаттық өлшем саласындағы ЕҚЫҰ-ның тарату, ұйымдастыру және стандарттарды бекіту бойынша қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен басқа да институттар үшін ұсыныстар қабылданатын болады.