Елордада ең романтикалық бақ пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада жас жұбайлар алаңы пайда болды. Оның ашылу салтанатында бірнеше жас жұбай ресми түрде неке қидырып, ескерткіш ретінде ағаштар отырғызды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, Астананың барлық ерлі-зайыптыларының осындай мүмкіндігі бар.

жас жұбайлар паркі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Бұл алаң ерлі-зайыптылар балаларын осында әкеліп, бір кездері өз қолдарымен отырғызған ағаштарын көрсетуі үшін ұрпақтар сабақтастығының символына айналуы керек. Бұл акцияның тағы бір тұсы, менің ойымша, мұнда ағаш отырғызған адамдар бұл қалаға ешқашан зиян тигізбейді. Сондай-ақ олар өз отбасыларында қарым-қатынас орнатады», - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

парк
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Шараға 50 жылдық мерейтойын тойлаған жұбайлар Марат Тоқсанбаев пен Күләш Асқарова да шақырылды. Олар акцияға қатысушыларды құттықтап, ақ батасын берді.

парк, шаңырақ
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жас жұбайлар бақытты күнді еске алып, шаңыраққа құлыптар мен ленталар ілу үшін саябаққа киіз үй де орнатылды.

парк
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Алаңның ашылу салтанатында барлығы 5 жұп шаңырақ көтерді.

Соңғы жаңалықтар