Елордада ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті жанындағы білім жөніндегі кеңестің отырысы өтіп жатыр
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті жанындағы білім жөніндегі кеңестің 16-шы отырысының жұмысы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің хатшылығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Беларус елдерінен өкілдер қатысуда. Отырыс барысында кеңес жұмысының бұдан кейінгі стратегиясын талқылау, жалпы білім беру саласындағы ықпалдасудың нақты тетіктерін белгілеу, сондай-ақ қауымдастықтың жалпы білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарды әзірлеу мәселелері қаралмақ.