Елордада халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік Gala Вallet өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — «Астана Балет» сахнасында 6-7 наурызда халықаралық әйелдер күніне арналған Gala Ballet мерекелік кеші ұйымдастырылады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Үш театрда қойылған «Щелкунчик» балеті 40 мыңнан астам көрермен жинады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

Көрермен назарына классикалық мұра жауһарлары мен заманауи хореографиялық қойылымдардан құралған әсерлі әрі жан-жақты бағдарлама ұсынылады. 
Кеште бас дирижер Арман Оразғалиев симфониялық оркестрге жетекшілік етеді.

Бірінші бөлімде хореографиялық миниатюралар, сондай-ақ Петр Чайковскийдің музыкасына Айнұр Әбілғазина қойған «Триумф» балеті көрсетіледі.

Бағдарламада Арам Хачатурянның «Спартак», Сергей Рахманиновтың «Көктемгі қарғын су», Адольф Аданның «Жизель», Камил Сен Санстың «Аққу», Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетінен па-де-де және басқа да балет үзінділері бар.

— Сонымен қатар наурыз айында астаналық ұжым басқа да мазмұнды бағдарламалар ұсынады. 13-14 наурыз — «Carmina burana» балет-кантатасы, Наурыз мерекесі қарсаңында, 21 наурызда симфониялық оркестрдің «Therapy. Jazz Night» концерті өтеді. Ал 27-28 наурызда көрермен қауым «Орфей мен Эвридика» балеті мен «Bolero X» бір актілі заманауи балеттің премьерасын тамашалай алады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін «Астана Балет» театрының 2026 жылғы жоспары туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум