16:57, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Елордада Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина Президенттері Кеден одағын кеңейту мәселелерін қарастырады
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина Президенттері Кеден одағын кеңейту мәселелерін қарастырады. Бұл туралы бүгін елордада VI Астана экономикалық форумы аясында өткен сессияда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Мен келесі сәрсенбі, 29 мамырда Қазақстан, Ресей Федерациясы және Беларусь Президенттерінің жұмыс кездесуі, онда Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілетіндігін хабарлағым келеді. Одан арғы ықпалдастықтың негізгі бағыттары, ағымдағы мәселелер, сонымен қатар біздің интеграциялық бірлестікті кеңейту мүмкіншілігі мәселесі Астанада қарастырылатын болады және таяу аралықта сіздер бұл кездесудің нәтижесін білесіздер», - деді ол.
Сондай-ақ вице-премьердің атап өтуінше, аталған алқалы жиынға Украинаның Президенті Виктор Янукович қатысады.