Елордада «Қазақстан Үкіметінде тиімділік пен ынталандыруды басқару жүйесін қалыптастыру» тақырыбымен семинар өтуде

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Қазақстан Үкіметінде тиімділік пен ынталандыруды басқару жүйесін қалыптастыру»  тақырыбымен семинар өтті.
None
None

Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген аталған агенттіктің басшысы Әлихан Бәйменовтің атап өтуінше, семинар адам ресурсын басқаруды жетілдіру арқылы әрбір мемлекеттік органның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған. 

«Қазақстан тәуелсіздік жылдары жүргізіп отырған сан-салалы реформалары арқылы үздік халықаралық тәжірибелерді зерттеуге мүдделі. Сол себептен Қазақстан Үкіметі сан алуан халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар аясында өз саласында озық тәжірибесі бар мемлекеттердің өкілдерін шақыруда. Олардың өз салалары бойынша біздің мамандармен ой бөліскендігін қалайды. Бұл, түптеп келгенде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған жұмыстарға оң серпін береді», - деді ол.

Шара барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жоба менеджері Эльза Пиличовски ЭЫДҰ Мемлекеттері тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасады.

Семинар жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар