Елордада көлік бағанға соғылып, жүргізуші мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада Chery Tiggo көлігі көше жарық шамы бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды. Бұл ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. 

Елордада көлік бағанға соғылып, жүргізуші мерт болды
Фото: t.me/astanovka98/16545

— Chery Tiggo автомобилінің жүргізушісі Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай көше жарық шамы бағанына соғылды. Соның салдарынан автомобиль аударылып қалды, — деп атап өтті департаменттен.

Ұсынылған мәліметке қарағанда, көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған.

— Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр, — деді ведомстводан. 

Таяуда мас күйінде жол-көлік апатына ұшыраған астаналық 4 жылға сотталды

Соңғы жаңалықтар