Елордада «Көшбасшы болу - уақыт талабы» атты конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Көшбасшы болу - уақыт талабы» атты конференция өтті.
None
None

«Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізіп отырған ғылыми-тәжірибелік конференциямыз «Көшбасшы болу - уақыт талабы» тақырыбында өтуде. Бұл іс-шара негізінде үш жыл бой музейімізде жастардың арасындағы лидерлік қасиетті дамытуға бағытталған ғылыми-тәжірибенің нәтижесі десек те болады», - деді аталған музей директорының орынбасары Ботагөз Каипова.

Оның атап өтуінше, шараға Астана қалалық білім басқармасының әдіскерлері, ғылыми және педагогикалық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысқан.

«Нұрсұлтан Әбішұлының жаныма жақын ерекше бір сөзі бар. «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын», дейді Елбасымыз. Жастардың бойына дәл осындай қасиетті сіңіру үшін олардың Отанына деген ерекше сүйіспеншілігін оятуымыз қажет. Өз тағдырын Отанымен байланыстыруымыз керек», - дейді Б.Каипова.

Директор орынбасарының айтуынша, музей жанынан «Ақиқат» деп аталатын пікірталас клубы ашылған. Онда қалалық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейде Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған пікірталастар өткізіліп тұрады. Мұнан бөлек «Елбасытану» деп аталатын арнайы курс әзірленіп, Астана қаласы мен қатар Ақмола облысына қарасты бірқатар аудандардың оқушылары семинар сабақтар тұрақты өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар