Елордада Кувейт Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Кувейт мемлекеті Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды.
None
None

Ғимараттың ашылуы рәсімінде сөз сөйлеген Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла әл-Фарадж шараға Кувейт Әмірінің кеңесшісі, Халықаралық Ислам қайырымдылық ұйымының төрағасы, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі арнайы өкілі доктор Абдулла әл-Матук мырзаның, Астана қаласындағы Араб елдері Елшілерінің қатысып отырғанын атап өтті.

«Достас екі ел қарым-қатынасындағы осынау тарихи оқиға барысында Қазақстан Үкіметіне, әсіресе, осы елшіліктің ашылуына жеңілдіктер жасаған Сыртқы істер министрлігіне ерекше алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Тарек Абдулла әл-Фарадж.

Айта кетейік, Қазақстан мен Кувейт арасындағы қарым-қатынас 1993 жылы орнатылған болатын. 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кувейт мемлекетіне ресми сапары орын алды. ҚР Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін берді десек те болады. Өйткені сапар барысында бірқатар келісімге қол қойылды, Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-кувейттік үкіметаралық комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар