Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 16 түрі көрсетіледі

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 16 түрі көрсетіледі.

Елордада мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 16 түрі көрсетіледі

Бұл туралы бүгін «Көзқарас» пікірсайыс клубының «Қазақстан-2050» стратегиясын талқылауға арналған отырысында Астана қалалы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева мәлім етті.

«Астана қаласы мәслихатының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 16 түрі көрсетіледі. Олардың ішінде зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, 62 мыңға жуық адамды қамтыған қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруге, мерекелік күндерге біржолғы төлемдер, дәрі-дәрмек, тіс протездеу сияқты әлеуметтік көмек түрлері бар», - деді ол.

Оынң атап өтуінше, бүгінде елордада тұратын зейнеткерлердің саны 53290, Ұлы Отан соғысының ардагерлері 313, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың саны 1873, тыл еңбеккерлері 4608 адам болса, ал 18 жасқа дейінгі төрт баласы бар отбасының саны 3207, алтын және күміс алқамен марапатталған көп балалы аналар 3390 адамды құрайды.

«Мүгедектердің саны қала бойынша 17290, оның ішінде 1-ші топтағы мүгедектер 1902, 2-ші топта 2230, 3-ші топта 5722 адам бар. Ал 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 2436», - деді А.Алтыбаева.