Елордада Наурыз мейрамы қалай тойланады

Қазақстандықтар наурыздың 19-ынан 23-іне дейін демалады, сол себепті қала тұрғындарының демалысына ерекше көңіл бөлінген.
«Басты шара 21 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде ұйымдастырылады, 21, 22, 23 наурыз күндері «Хан Шатыр» СОСО маңындағы алаңда этноауыл қанат жайып, халықтық серуен өтеді.
Сондай-ақ, 21-22 наурыз күндері «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда, қалалық алаңда, «Студенттер» саябағында, 22 наурызда «Жастар» театрының аумағында өтеді. Барлық алаңдарда мазмұнды концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, келушілер ұлттық тағамдардан дәм тата алады.
Наурыздың 18-інен 22-сіне дейін Күйгенжар, Мичурино, Промышленный, Интернациональный, Железнодорожный, Пригородный, Үркер, Көктал-1, Өндіріс тұрғын алаптарында Наурыз мейрамына орай халықтық серуен өтеді. Онда да киіз үйлер тігіліп, жәрмеңкелер, концерттер ұйымдастырылады.