Елордада «ОААЭЫ 2020 және оның көлік саласындағы маңыздылығы» атты бағдарлама қабылданып, бекітілді

ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 12-13 қазанда елордада ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Асылбек Дүйсебаевтың төрағалығымен Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың көлік саласындағы үйлестіру комитетінің 10-ші отырысы (ОААЭЫ КСҮК) өтті.

Елордада «ОААЭЫ 2020 және оның көлік саласындағы маңыздылығы» атты бағдарлама қабылданып, бекітілді

Алқалы жиынды ашқан аталған Комитеттің төрағасы А.Дүйсебаев өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев елдің көлік-коммуникациялық кешенінің дамуына және оның халықаралық көлік жүйелеріне енуіне баса назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында елімізде көлік инфрақұрылымның дамуына арналған бағдарлама жасалғандығы туралы баяндады. Сонымен бірге республиканың көлік-коммуникациялық кешеніне қысқаша талдау жасады.

ОААЭЫ КСҮК отырысының барысында бірқатар құжаттар қаралды. Қорытындысында «ОААЭЫ 2020 және оның көлік саласындағы маңыздылығы» атты бағдарлама қабылданып, бекітілді. Жиыннан кейін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі А.Дүйсебаев ынтымақтастық мәселелері жөнінде Ауғанстан, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Түрікменстан және Тәжікстаннан келген делегациялардың басшыларымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.