Елордада «Реал-2» дəмханасы өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Реал-2» дəмханасы өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін таңғы сағат 05:09-да қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне І.Есенберлин көшесі бойындағы «Реал-2» дəмханасы өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт дəмханаға жапсарлас салынған қойма ғимаратынан шыққан. Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен қызыл жалынның алды сағат 07-13-те алынып, 07-56-да сөндірілді», - деді ол.

Өрт сөндіруге департаменттің 30 маманы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

null

Соңғы жаңалықтар