Елордада Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Ұлттық кітапханада «Қазақстан халықаралық қауымдастықта (жан-жақты дипломатия очерктері)» атты кітаптың таныстырылымы болды.

Елордада Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Туынды ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыхановтың редакциялауымен жарық көрген.

Кітапта Тәуелсіздіктің 20 жылы ішіндегі Қазақстанның жан-жақты дипломатиясы дамуының басты бағыт-бағдарлары, негізгі халықаралық және өңірлік ұйымдардағы біздің еліміздің қызметі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бейбітшілікті алға жетелеу мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту бастамаларының рөлі егжей-тегжейлі ашылып көрсетілген.

Тұсаукесер рәсіміне мемлекеттік органдарының, білім беру мекемелерінің, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.