Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты Халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде беделді партияаралық институт болып табылатын және өз қатарында Еуразияның саяси зиялы қауымын біріктіретін Азия саяси партияларының халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметінен.

Елордада «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты Халықаралық конференция өтеді

АСПХК жұмысы барысында ағымдағы жылдың қараша айында Әзірбайжанда өтетін АСПХК Бас Ассамблеясының 7-ші отырысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан тарапынан конференция жұмысына «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары М.Ерман қатысты.

АСПХК қатысушылары алдында баяндама жасаған ол Сеулде өткен Тұрақты Комитеттің 16-шы отырысы кезінде Қазақстан тарапы әріптестеріне Елбасы Н.Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту мәселелеріне қатысты бейбіт бастамалары туралы хабарлағанын атап өтті. ҚР Президенті Н.Назарбаев 26 наурызда Сеулде өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзінде Қазақстан жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы «Сегіздік тобының» (G-8) Ғаламдық елдер серіктестігіне кіргенін және ядролық қаруды таратудан бас тарту режимін нығайтуға нақты үлес қосатындығын ерекше атап өткен болатын.

Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің бастамасы бойынша белгілі саясаткерлердің, ғалымдардың, сарапшы қоғам өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 28-29 тамызында  «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты Халықаралық конференция өткізілетін болады. АСПХК мүше елдер, атап айтқанда Филиппин, Малайзия, Үндістан, Әзербайжан, Пәкістан, Ресей және Қытай өкілдері қазақстандық тараптың шақыруын қабыл алды.

М. Ерман серіктестерін Қазақстан көшбасшысының ғаламдық ядроға қарсы қозғалыс құру және дамыту жөніндегі ұсынысына қолдау көрсетуге шақырды және бұл туралы Тұрақты комитет отырысының құжаттарында, сондай-ақ Бас Ассамблея Декларациясының мәтінінде көрсетуді сұрады.