Елордада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақ-қытай комитетінің 6-шы отырысы өтуде

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен
None
None

Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Ван Цишанның төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақ-қытай комитетінің 6-шы отырысы өтуде.

Отырыста қауіпсіздік, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелер егжей-тегжейлі талқылануда.

Комитет құрамына 10 шағын комитет пен трансшекаралық өзендері пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстандық-қытайлық бірлескен комиссия кіреді.

Талқылау қорытындысы бойынша Ынтымақтастық жөніндегі Қазақ-қытай комитетінің 6-шы отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар