16:46, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Елордада жас журналистер мен ақындар арасында өткізілген конкурс пен мүшәйра жеңімпаздары марапатталады
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең «Бәйтерек» Халықаралық медиа орталығында жас журналистер мен ақындар арасында өткізілген конкурс пен мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Аталған орталық таратқан ақпаратқа сәйкес, Астана қалалық ішкі саясат басқармасының бастамасымен елорданың жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Тұңғыш Президенттің тұлғалық болмысын жастарға дәріптеу, еңбек жолын насихаттау, сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуын, даму барысын талқылау мақсатында жас журналистер арасында конкурс өткізген. Конкурсқа «баспасөз», «телевизия», «радио» аталымдары бойынша жұмыстар қабылданған.
Сондай-ақ 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы бастаған - даңқты Қазақстан!» атты жас ақындар арасында да мүшәйра ұйымдастырылған. Қараша айында екі сайыс бойынша өтініштер қабылданып, арнайы құрылған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.