Елордада «Жасыл ел» жобасы аясында 1500 жуық жас өрен жұмыспен қамтылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастарды жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс жасақтары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жобалары жүзеге асырылып келеді.
None
None

Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, аталмыш жобаға елорданың жоғары оқу орындарының 1500-ге жуық студенттері қатысқан.

Бүгінгі мерекелі шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, елордалық құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс және жастар жасақтарының басшылары, сондай-ақ, қаланың белсенді жастары қатысты. «Жасыл ел» жасағының белсенділері грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды astana.kz.

Биылғы жылы жоба аясында 1500 жуық жас өрен жұмыспен қамтылды, олардың қатарында жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары мен жұмыссыз жастар бар. Жыл басынан бері белсенді жастар қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға өз үлестерін қосты, ЭКСПО қала құрылысы және басқа да құрылыс жобаларына қатысты. Аталмыш шара еліміздің жастарын біріктірумен қатар, жұмыспен қамту мәселесіне өз үлесін қосады.

Соңғы жаңалықтар