Елордада жол апаты салдарынан жаяу жүргінші аяғынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Екі көліктің соқтығысуынан екі жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Пешеходу оторвало ногу в ДТП в центре Астаны
Фото: Kazinform

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, «Geely» көлігінің жүргізушісі Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында бағдаршамның жасыл түсі жанғанда бұрылысқа шығып кетіп, көлденең жүріп келе жатқан Toyota көлігіне бұрылуға мүмкіндік бермеген.

Пешеходу оторвало ногу в ДТП в центре Астаны
Фото: Kazinform

— Салдарынан көліктер соқтығысып, «Toyota» көлігі екі жаяу жүргінші мен бағдаршамды қағып кетті, — деп хабарлады ведомство.

Пешеходу оторвало ногу в ДТП в центре Астаны
Фото: Kazinform

Оқыс оқиға кезінде көлік жүргізушілері де, екі жаяу жүргінші де жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Еске салсақ, Алматы — Бішкек тасжолында көлік апатынан жеті адам қаза тапты. Кейіннен көз жұмған 5 жолаушы спорт ардагері болғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар