Елордадағы халықаралық турнирдің іріктеу сайысында 5 қазақстандық теннисші ойнайды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, елімізде әйелдер арасында өтетін алғашқы ірі жарыстың жеребесі тартылды.
Жарысты ұйымдастырушылар іріктеу сатысында қазақстандық жас теннисшілерге арнайы шақырту (wild card) беріп отыр. Дана Байдәулет бастапқы кездесуін іріктеу сайыстарының бірінші ракеткасы, ресейлік Анастасия Гасановамен өткізеді. Жуырда ғана ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған 14 жасар Ариана Гогулина Беларусь өкілі Юлия Готовкомен, Альбина Кәкенова ресейлік Ксения Ласкутовамен шеберлік таластырады. Мария Синицына мен Жанель Рүстемова ресейліктер Татьяна Прозорова, Екатерина Яшинамен кездеседі.
Матчтар 27 ақпан күні Ұлттық теннис орталығында Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы Марсель турнирінің финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қазақстандық жас теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы