21:41, 25 Ақпан 2023 | GMT +5
Александр Бублик Франциядағы Марсель турнирінің финалына өте алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 11-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездесті.
Поляк теннисшісі 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 12 эйспен ғана көзге түсті. Қарсыласы 22 эйспен бірге 1 брейкке қол жеткізді.
Х.Гуркач финалда франциялықтар Бенджамин Бонзи немесе Артур Филстің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы Марсель турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ елордада 14 жасар теннисші ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды.