Елордалықтар Әзербайжан елшілігінің алдына гүл шоғын қойып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандағы Әзербайжан Республикасы елшілігі ғимараты алдында астаналықтар гүл шоқтарын қойып, қайғылы оқиғаға көңіл айтып жатыр.

Таңертең Ақтау маңында Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 69 адам болған. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Осы орайда елорда жұрты қайғылы жайтпен бөлісіп, гүл шоқтарын қойып жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.

Сондай-ақ, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейге бармайтын болды.

Бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясын ұсынған едік.
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден 4 адамның денесі табылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.
Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасымен әуе апатына байланысты Мемлекеттік комиссия құрылды.