Елордалық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға көмектеседі

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, қалалық әкімдік пен «Шұғыла» қоры тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «Береке» бірлескен қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жоба екі кезеңнен тұрады. Алдымен әлеуметтік көмекке мұқтаж астаналықтар арасында сауалнама өткізілді. Содан кейін кәсіпкерлер осы отбасыларды аралап, ұн, жарма, макарон, өсімдік майы, қант, томат және т.б. азық-түліктер таратты.

«Жобаның мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына теңге бағамына түзетуден кейінгі кезеңде қол ұшын созу. Жуырда Мемлекет басшысы әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің ұлғайғанын мәлім еткен болатын, сондай-ақ, компания басшыларын жұмыскерлердің еңбекақысын көтеруге шақырды. Елордалық бизнес қоғамдастық та қалыс қалмай, қиын экономикалық жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитов.

Негізінен қайырымдылық акциясы толық емес және көп балалы, сондай-ақ, сырқаты ауыр балалары бар отбасыларға арналған. Алдағы уақытта тұрмысы төмен 200 отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылады, ұйымдастырушылар акцияны одан әрі жалғастырмақ ниетте.

Соңғы жаңалықтар
Референдум