Елші Н.Дәненов Португалияның президентіне сенім грамотасын тапсырды

Португалия мемлекетінің басшысымен сұхбат барысында Н.Дәненов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың игі тілегін жеткізді, оны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіндегі басымдықтармен таныстырды, сондай-ақ ағымдағы жылы осы ұйымның саммитін өткізудегі қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, португалиялық президент Қазақстанның ағымдағы жағдайымен, әлемдік қаржы дағдарысының салдарларын еңсерудегі біздің елдің табыстарымен таныстырды.
Португалиялық көшбасшы Президент Н.Ә.Назарбаевқа Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәдениетаралық, дінаралық және өркениетаралық диалогтарды байыту бойынша жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Португалия президенті Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне және ҚР Елшісіне оның миссиясын орындауда жан-жақты көмек көрсетуге даяр екендігін білдірді.