14:51, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Елжан Біртанов: Коронавирус табылған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар - Германиядан келгендер. Қазіргі күні пациенттердің жағдайы жақсы. Жалпы, эпидемияға қарсы бүкіл қажетті шаралар енгізілуде. Оқшаулау, карантин – қажетті емдеу процедуралары қабылдануда», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.