Embraer компаниясы Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін ресми мәлімдеме жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшыраған Embraer компаниясы ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

- Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Embraer 190 ұшағымен болған оқиға бізді қатты күйзелтті. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, дос-әріптестер мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге толық дайынбыз, - делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.
Embraer – коммерциялық, іскерлік және әскери ұшақтарды шығаруға маманданған әлемдегі жетекші ұшақ өндірушілердің бірі. Ол 1969 жылы Бразилияда құрылған.
Еске салсақ, Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.
Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясы жарияланды.
Ақтаудағы әуе апатынан мерт болған қазақстандықтар анықталды.
Кейіннен ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.