Эмманюэль Макрон Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция Президенті Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық, Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады.
«Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», - деп жазды Эмманюэль Макрон.
Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос.
— Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) November 5, 2024
Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз. pic.twitter.com/92UnHd4QoJ
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Франция қарым-қатынасының нығаюын жан-жақты қамтып көрді.
Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан мен Франция Президенттері Бірлескен декларация қабылдады.