«Ең мықты» тележобасының жеңімпазы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — «Jibek Joly » телеарнасының «Ең мықты» тележобасы мәресіне жетті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған ауқымды жобаның мақсаты — қарапайым еңбек адамының беделін арттыру, ел дамуына қосқан үлесін елеу еді. 

«Ең мықты» тележобасының жеңімпазы анықталды
Фото: Jibek Joly

Мұндай форматтағы телешоу отандық телевизия тарихында болмаған. «Ең мықты» — америкалық Tough as Nails бағдарламасына ұқсайды.

Бұл жобада мамандардың кәсіби машығы, қарымы мен қабілеті, төзімі, экстремалды сынақтарға дайындығы сыналды. Нәтижесінде адам мінезін, қажыр-қайратын, ерік-жігерін жанитын, кәсіби шеберлігін көрсететін телешоу пайда болды. 

сайыс
Фото: Jibek Joly

Сегіз эпизод бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 қатысушы күрделі физикалық және психологиялық сынақтардан өтті. Олар — металлург, электрик, слесарь, электромонтер, дәнекерлеуші, шеф-повар, жол шебері және жол монтері сияқты түрлі жұмысшы мамандықтарының өкілдері. 

Тележоба Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағасында түсірілген. Табиғаттың көркем көрінісі шоуды әсерлі ете түсті. Жобаны танымал журналист Дина Төлепберген жүргізді. Оның кәсіби шеберлігі әр қатысушының бітім-болмысын ашып, әр кезеңнің драматизмін күшейтті. 

Ең мықты
Фото: Jibek Joly

Қатысушылар өте қиын сынақтардан өтті. Мысалы финалда серфинг тақтасының үстінде тік тұрып, ағысы қатты өзеннің арғы бетіне жетуі тиіс болды. 10 метрлік бөренеде тепе-теңдік сақтап, тербеліп тұрған от шарлар ортасынан өтті. Бір қолымен биікке өрмеледі.

Сайыс
Фото: Jibek Joly

Осындай тартысты жобаның финалына 6 адам өтті. Нәтижесінде «Алматы электр орталығы» АҚ-ның №7 турбиналық цехының аға машинисі Айдос Масиралиев жеңімпаз атанды. Ол еліміздің «Ең мықты» азаматы атанып қана қоймай, Астанадан пәтерге ие болды.

Соңғы жаңалықтар