Еңбек адамдарының мерейлері өсіп, абыройлары асқақтады - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Екі жылдың алмасып жатқан дүбірлі шағында Арал аудандық пошта торабының бұрынғы бастығы Сексенбай Әреновке Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат минис­тр­лігінің бұйрығымен «Құрметті байланысшы» атағы бе­рілді.
None
None

Жыл жабылар күндерде осы атақ өзінің иесін тауып, салтанатты жағдайда табыс етілді. Пошта ұжымы елеулі еңбегінің нәтиже­сімен өз саласы бойынша мәр­тебелі атаққа ие болған бұрын­ғы бас­шы­сын бұл марапатымен шын жүректен құттықтады. Ал Арал аудандық электр қуатын тарату торабын ұзақ жылдардан бері басқарып келе жатқан Арапхан Сұлтановқа аудандық мәслихат пен аудан әкімінің шешімімен «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар