Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еңбек министрі Г. Әбдіхалықова қырғыз әріптесімен кездесті

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін, тамыздың 24-інде Министрліктер үйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Қырғыз Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон министрі А. Рұсқұловамен кездесті. Екіжақты жүздесуге Қазақстан тарапынан ІІМ-нің, ҰҚК, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, министрліктің департамент басшылары да қатысты,

Еңбек министрі Г. Әбдіхалықова қырғыз әріптесімен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында екі ел тарапының еңбек көші-қоны мәселелері бойынша мемлекетаралық келісімдердің орындалу барысы, Қырғыз азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы транзиттік өту проблемалары талқыға салынды.

Бұдан бөлек, сөз арасында көршілес қырғыз азаматтары үшін Қазақстан аумағында 90 күнге дейін тіркеусіз болуы тәртібін сақтау мүмкіндіктері қозғалды. Сонымен бірге, кездесу барысында екі ел ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың болашақтағы перспективалары талқыланып, қонақтар тарапынан қызығушылық танылған мәселелерге жауап берілді.