Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Енді санаулы минуттардан кейін ауыр атлет қызымыз Маргарита Елисеева өнер көрсетеді

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Енді санаулы минуттардан кейін ауыр атлет қызымыз Маргарита Елисеева өнер көрсетеді. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Енді санаулы минуттардан кейін ауыр атлет қызымыз Маргарита Елисеева өнер көрсетеді

Бүгін ауыр атлетикадан әйелдер арасында 48 келідегі жүлделер сарапқа салынады. Бұл салмақта еліміздің намысын Маргарита Елисеева қорғайды.

Елисеева екі дүркін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.  2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының чемпионы. Ол Инчхонда  чемпион атанғанда 194 келіні (88+106) бағындырған болатын. Міне, енді тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысып отыр. Отандасымызға сәттілік тілейміз.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 8 зілтемірші қорғайды.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан спортшылары Олимпиаданың алғашқы күні бір күміс, бір қола жеңіп алған болатын. Күмісті дзюдошы Елдос Сметов иеленсе, қола медальді күрестің осы түрінен дзюдошы қызымыз Галбадрах Отгонцэцэг иеленді.