Энергетика министрлігі КҚК-дегі мұнай жөнелту жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қазіргі уақытта КҚК терминалында мұнай жөнелту ШАҚ-1 (ВПУ) айлақ құрылғысы арқылы жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Мұнай құбыры
Фото: ҚазМұнайГаз

— Технологиялық процесс акваториядағы ағымдағы ауа райына байланысты енгізілген түзетулерді ескере отырып, штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Ведомствоның негізгі басымдығы экспорттық жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтау қуаттарының шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу, — делінген хабарламада.

Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда және халықаралық серіктестермен, консорциум операторымен тікелей байланыста отырғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, министрлік Өзбекстанда қазақстандық мұнайдан әуе отыны өндірілгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Соңғы жаңалықтар