Министрлік Өзбекстанда қазақстандық мұнайдан әуе отыны өндірілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Энергетика министрлігі Өзбекстандағы Ферғана мұнай өңдеу зауытында авиациялық отын өндірісі қазақстандық мұнай арқылы жүзеге асырылатыны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.  

Министрлік Өзбекстанда қазақстандық мұнайдан әуе отыны өндірілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: freepik

Бұған дейін бірнеше БАҚ Өзбекстан Ферғана мұнай өңдеу зауытында қазақстандық мұнайдан авиакеросин өндіруді қолға алды деген ақпарат таратқан болатын. 

Министрліктің мәлімдеуінше, «ҚазТрансОйл» компаниясы қазақстандық мұнайды Ферғана мұнай өңдеу зауытына жеткізе бастады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта қазақстандық мұнай магистральдық құбыр жүйесі арқылы аталмыш зауытқа тасымалданбайды. Министрлік БАҚ пен халықты тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар