Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ENRC өзінің Қазақстандағы даму бағдарламасын шамаман 7 млрд. АҚШ долларына бағалап отыр - Феликс Вулис

ҚАРАҒАНДЫ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы (ENRC) өзінің Қазақстандағы даму бағдарламасын шамамен 7 млрд. АҚШ долларына бағалап отыр.

ENRC өзінің Қазақстандағы даму бағдарламасын шамаман 7 млрд. АҚШ долларына бағалап отыр - Феликс Вулис

Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының әкімдігімен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінен кейін журналистерге ENRC PLC компаниясының бас атқарушы директоры Феликс Вулис мәлім етті.

«Жалпы алғанда, бүгінгі таңда біздің Қазақстандағы даму бағдарламамыз шамамен 7 млрд. АҚШ долларын құрайды», - деп атап өтті ол.

Оның айтуныша, ENRC компаниясының алдыңғы қатарда тұрған жобаларының бірі - Ақтөбе облысында қуаттылығы 440 мың тоннаны, құны 750 млн. АҚШ долларын құрайтын ферроқорытпа шығару жөніндегі зауыттың құрылысы болып табылады.

Ф. Вулис сондай-ақ компания өндірісінің Қарағанды облысындағы даму жоспары туралы да сөз қозғады. «Қазір біздің жұмыс кестемізде полиметалл кенін дамытуды көздейтін Үлкен Жәйрем жобасы жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме бар. Егер де біздің директорлар кеңесі оны енгізуді мақұлдаса, салым мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асады», - деді ол.

Және де ENRC компаниясы алдына Қарағанды облысына қарасты Шұбаркөл қорындағы көмір қазу деңгейін арттыру жөніндегі міндет қойып отыр.