ЕО БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливия үстінен ұшуға болмайтын аймақ құру жөніндегі қарарын қолдайды

БРЮССЕЛЬ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливия үстінен ұшуға болмайтын аймақ құру жөніндегі қарарын қолайды.

ЕО БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливия үстінен ұшуға болмайтын аймақ құру жөніндегі қарарын қолдайды

Бұл туралы ЕО Қауіпсіздік кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкіліКэтрин Эштонның бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Жоғарғы өкілдіктің баспасөз қызметі.

«Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бекіткен 1973-қарарын қолдаймыз. Біз БҰҰ-ның азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді толығымен тоқтатып, дағдарыстан шығу жолдарын іздеу жөніндегі талаптарын жақтаймыз», - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Айта кету керек, Еуроодақ бұрын да Ливия билігін қарапайым халыққа қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтауға бірнеше рет шақырған болатын.

«Біз адамдардың қауіпсіздігі қажетті тәсілдердің барлығы арқылы қамтамасыз етілуі керек екенін тағы да мәлімдейміз. 1973-қарар азаматтарды қорғау мақсатында халықаралық қоғамдастық мүшелері үшін нақты құқықтық негізді қамтиды», - делінген Еуроодақ хабарламасының мәтінінде.

Осыған байланысты Х.Ромпей мен К.Эштон Еуроодақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімін жүзеге асыруға барынша тезірек кірісуге үмітті екенін атап өтті.